Accessibility links

Еуроодақ ел тәуелсіздігін таңдаған Черногорияға ақыр соңында мүшелігін ұсынуды ниет етіп отыр


Бұл туралы Еуропа Одағының кеңею мәселесі бойынша комиссары Олли Рен хабарлады. Бұл мәселе бойынша Еуропа Комиссиясы жаңа Балқан елімен тығызырақ қарым-қатынас жасауға арналған келіссөз өткізуді ұсынбақшы деді Рен. Референдумның ресми қорытындысына қарағанда, Черногориядағы дауыс берушілердің 55 жарым пайызы Сербиядан бөлінуді қолдап шыққан. Соңғы хабарға қарағанда, Сербия президенті Борис Тадич Черногорияның тәуелсіздігіне қатысты елде өткен референдумның нәтижесін мойындады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG