Accessibility links

ГУАМ халықаралық ұйымға айналды


Бүгін Украина астанасы Киевте ГУАМ басқосуының екінші күні өтті. Грузия, Украина, Әзірбайжан және Молдова елдерінің президенттері ГУАМ-ды халықаралық топ ретінде тіркеп, оның атын Демократия мен Экономикалық Даму үшін ГУАМ ұйымы деп өзгертті. “Азаттық” радиосына берген сұхбатында Грузия президенті Саакашвили былай деді:

“Біз барлық салаларда экономикалық және саяси тұрғыда күштірек болуымыз керек, сонда ғана біз құрметке ие боламыз. Бірақ біз әлсіздік танытсақ, бізде ылғи проблемалар туындап отырады”.

ГУАМ - аймақтағы Ресей ықпалымен күресу мақсатында 1997-ші жылы құрылған. Ал 1999-шы жылы оған Өзбекстан мүше болып, кейін 2005-ші жылы ол өз мүшелігінен бас тарқан болатын.

AzattyqTV

Оңтүстік Қазақстан

Тозығы жеткен Сайрам жолы

XS
SM
MD
LG