Accessibility links

Махмұд Ақмединижат шабуыл жасағандар "тарихта болмаған соққы" алады деп мәлімдеді


Иран президенті Махмұд Ақмединижат елімізге еш бір мемлекет шабуыл жасамасын, әйтпесе олар "тарихта болмаған соққы" алады деп мәлімдеді. Махмұд Ақмединижат бұл сөзін Қорамшахр қаласында айтты, бұл қала осыдан 24 жыл бұрын Ирақ әскерінен азат етілген болатын. Махмұд Ақмединижат Иран бейбіт мақсатта пайдаланылатын ядролық отынды жасаудың толық циклын игеріп алды, Иран ғалымы ең үлкен жетістікке қол жеткізді деді. АҚШ үкіметі Иран ядролық қару өндірісіне ұмтылып отыр дейді, Иран мұны жоққа шығарып келеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG