Accessibility links

Талибан көтерілісшілері шабуылдарын күшейтіп жатыр деп мәлімденді


АҚШ-тың Ауғанстандағы әскери басшылығы Талибан көтерілісшілері шабуылдарын күшейтіп жатыр деп мәлімдеді. Бір апта жалғасқан қақтығыстарда, батыс коалициясының айтуынша, үш жүзден астам адам қаза тапты. Ел орталығындағы Ғор провинциясында бүгін екі ауғандық ресми қызметкер мен екі сарбаз тосқауылға түсіп, қаза тапты. Тосқауылды талибаншылар жасады делінді. Ауғанстан президенті Хамид Қарзай АҚШ әскері бастаған коалицияның қолбасшысы Карл Ейкенберримен кездесіп, апта басында әуе соққысынан қаза тапқан ауғандықтардың жағдайы туралы түсінік сұрады. Қандағар провинциясында жасалған әуе соққысында кемінде 16 жергілікті тұрғын қаза тапқан. Ауғанстан адам құқықтарын қорғау ұйымы отыз шақты адам өлді дейді. Коалиция өкілі шабуыл жөнімен жасалды дейді. Ауғанстан президенті оқиғаны тергеуді бұйырды.
XS
SM
MD
LG