Accessibility links

Бүгін Лондонда Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшелері Иран мәселесін талқылауды жалғастырады


АҚШ мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райс БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі елдерінің дипломаттары Иранның ядролық дағдарысын шешу мақсатына арналған келіссөздерінде прогресс жасады деп айтты. Райс олардың Лондондағы кездесуінде соңғы келісімге қол жеткізбегенін, дегенмен бұл мәселедегі кездесулер алда тағы болатынын атап өткен. Британия өкілі Джон Соуер де Лондондағы кездесуде жақсы прогрестер болды деген. Бұл жиынға Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты 5 мүше елдері Қытай, Мәскеу, Құрама Штаттар, Франция, Британия және оларға қосымша Германия елдерінің өкілдері қатысқан.

AzattyqTV

28 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG