Accessibility links

Бүгін АҚШ-та “Энрон” энергетикалық компаниясының банкроттық ісіне қатысты соттың үкімі шықты


Бұл компанияның бұрынғы басшылары Кеннет Лэй мен Джеффри Скиллингты алаяқтық жасап, ақша ұрлады деген қылмыстық айыптар бойынша ұзақ мерзімге бас бостандықтарынан айыру жазасы күтіп тұр. Ақ Үй бұл сот үкімін қолдап мәлімдеме жасады. Құрама Штаттардың әділет министрінің орынбасары Пол Макнулти былай деген:

“Бүгінгі үкімнің жолдауы қарапайым, біздің қылмыстық заңдарымыз көше қылмыскерлеріне қарсы сияқты шешімді түрде корпорация жетекшілеріне қарсы да қолданылады”.

2001 жылы “Энрон” компаниясының банкротқа ұшырауы АҚШ тарихындағы үлкен оқиғалардың бірі болды. Онда “Энрон” компаниясының басшылығы 40 млрд доллар қарызын жасырып келгені әшкереленген.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG