Accessibility links

АҚШ президенті үш жылда жасаған қателіктеріне өкініш білдірді


АҚШ президенті Джордж Буш Абу Грайб түрмесінің жанжалы Құрама Штаттардың осыдан үш жыл бұрын Ирақты басып алғаннан бергі жасаған “үлкен қателігі” деп айтты. Буш бұл мәлімдемесін Ақ Үйде Британия премьер-министрі Тони Блэйрмен бірігіп өткізген баспасөз мәслихатында жасады.

“Жасаған ең үлкен қателігіміз - Абу Грайб, баяғыда біздің Ирақты басып алғанда болған. Біз ұзақ уақыттан бері соның ақысын өтеп келеміз. Ирақты қоспағанда, алайда Саддам Хуссейн билігі астында осындай азап көрген адамдар сотқа апарылды”, - деген ол.

Буш сонымен қатар, өзінің мәлімдемелерінде Ирақ бүлікшілдерінің шабуыл жасауына түрткі болғаны сияқты тағы басқа кейбір жайттарды айтқанына өкінетінін білдірді. Буш пен Блэйр Ирақтағы АҚШ пен Британия күштерін Ирақ үкіметі елдің қауіпсіздігін толығымен қамтамасыз еткенше қалдыруға келісті. Буш бірақ, сәтсіздіктер мен қате жасалған қадамдарға қарамастан, Ирақты басып алып, Саддам Хуссейн режимін құлатқандары дұрыс жасалды деп санайтынын жеткізген.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG