Accessibility links

Иран ресмилері Американың қандай да бір шабуылына тойтарыс болады деп отыр


Иранның сыртқы істер министрі Манучир Моттаки өз елінің ядролық бағдарламасына байланысты АҚШ-тың жасауы мүмкін қандай да бір шабуылына жауап болатынын айтты. Ол бұл мәлімдемесін кеше Бағдадта Ирақтың премьер министрі Нури Камил әл Мәликимен кездесуден кейін айтқан. Оның алдында Иранның сыртқы істер министрі Ирақтағы қазіргі жағдайға байланысты АҚШ ресмилерімен тікелей сөйлесуден бас тартқан. Ирақтағы АҚШ елшісі Залмай Хализад Иран өкілдерімен Ирақ туралы сөйлесуге дайынмын деген болатын. Бұл сапар- Иран президенті Махмуд Ахмединежадтың 2005 жылдың маусымында сайланғаннан бергі Иран ресмилерінің Ираққа алғашқы келуі.
XS
SM
MD
LG