Accessibility links

Беслан шабуылына қатысқан Нурпаши Кулаевқа сот үкімі шықты


Ресейлік сот Беслан мектебін басып алғандардың ішіндегі қолға түскен Нурпаши Кулаевты терроризм мен адам өлімі үшін айыпты деп тауып, оны өмірінің соңына дейін абақтыға жабу үкімін шығарды. 2004 жылдың қыркүйегінде Беслан мектебіне болған шабуыл әлемді дүр сілкіндірген еді. Онда көбісі балалар болған 331 адам қаза болған еді. Солтүстік Осетия Жоғары сотының төрағасы Темерлан Агузаров сот үкімімен таныстырғанда, Нурпаши Кулаев өлімге лайық бірақ Ресейдің өлім жазасына кесу үкіміне мораторий жариялағандығынан ол өмірінің бәрін абақтыда өткізеді деген. Беслан оқиғасында баласын жоғалтқан аналардың бірі Анета Гадиева бұл үкімді естігенде:

“Жазалау оның жасаған қылмысына тән болу керек. Өйткені, өлім жазасы оның өмірлік жазасын өтеу кезінде болуы мүмкін аз болса да түрме қуаныштарынан айырады”, - деген.

Сот төрағасы Агузаров мектепті басып алған кезде Нурпаши Кулаевтың өзі тұтқынға алынған 16 адамның өмірін қиғанын айтады. Кулаев болса, өзінің шабуылға қатысқанын, бірақ адам өлтірмегенін алға тартқан. Оның адкокаты сот үкімін аппеляцияға беретінін айтқан.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG