Accessibility links

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Иванов Техранда 2 күн келіссөз өткізеді


Бүгін Қауіпсіздік Кеңесінің Ресейлік хатшысы Игорь Иванов Иранның даулы ядролық бағдарламасы туралы сөйлесу үшін екі күнге Техранға келді. Иванов Техранға жұма күні Иранға әуе зымырандарын сату ісімен барған Ресейдің қорғаныс министрі Сергей Ивановтың артынша келіп отыр. Жұма күні АҚШ мемлекеттік департаменті Ресейдің Иранға 700 млн долларға зымыран сату келісімін қайта қарауға шақырған. Уашингтон барлық елдердің Иранға қару сатуын тоқтатқанын қалайды.
XS
SM
MD
LG