Accessibility links

Берлинде көпшілік орнында бір адам бірнеше кісіні пышақтап тастады


Германия астанасы Берлинде бүгін жаңа теміржол стансасы ашылу мерекесінен кейін бір жас жігіт пышақпен жұртқа шабуыл жасап, кемінде 27 адамды жаралаған. Полиция дерегіне қарағанда, он шақты адамның жағдайы ауыр халде.

- Бұл жігіттің неліктен мұндай шабуылға барғаны әзірше белгісіз. Енді оның бұл жауыздық тірлігін тергеп-зерттеу ісі ғана анықтай алады. Қылмыскер ұсталды, - дейді полиция өкілі Шодровски.

Жаңа теміржол бекетінің ашылу салтанатына Германия канцлері Ангела Меркел ханым да келген болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG