Accessibility links

Теһран мен Кабул ауған босқындарын елге қайтару және тұтқындармен алмасу жөнінде уағдаласты


ТЕҺРАН. Кеше, Ауғанстан президенті Х.Қарзайдың Теһранға 2 күндік сапары барысында, Ауғанстан мен Иран екі жақты қарым-қатынасты кеңейтіп, есірткі саудасына қарсы бірлесіп күресуге уағдаласты. Екі елдің ресми өкілдері соғыстан күйреген Ауғанстанды қайта құру, ауған экономикасына инвестиция бағыттау, мәдениет мен ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы 7 келісімге қол қойды. Х.Қарзай Иранның рухани жетекшісімен, президентпен, парламент төрағасымен және Иранның сыртқы істер министрімен келіссөз өткізді. Сондай-ақ ресми Теһран мен Кабул ауған босқындарын елге қайтару және басым көпшілігін заңсыз мигранттар құрайтын тұтқындармен алмасу жөнінде уағдаласты.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG