Accessibility links

Андрей Шевченко - Әлем біріншілігінде өнер көрсете ала ма?


КИЕВ. Футболдан 9-ыншы маусымда басталатын Әлем біріншілігіне 2 аптадай уақыт қалғанда, ұлттық құрамалар өзара жолдастық кездесулер өткізу үстінде. Ұлттық тәуелсіздігін алғаннан бері Әлем Кубогіне алғаш рет қатысатын Украина құрамасы кеше Коста-Рикамен күш сынасып, 4:0 есебімен ойсырата ұтты. 2004-інші жылы Еуропаның “ең үздік ойыншысы” болып танылған Андрей Шевченко тізесі сырқаттанып, бұл кездесуге қатыса алмады. Иран мен Хорватия құрамалары 2:2 есебімен тең ойнаса, Эквадор құрамасы - Әлем Кубогына жолдама ала алмаған Македонияны 2:1 есебімен жеңді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG