Accessibility links

Армияның тең жартысы ереуілге шығуы – жаппай бейберекетке түрткі болды


ДИЛИ. Шығыс Тимордың астанасы – Дилидің 10-даған мың тұрғыны – шіркеулер мен елшіліктерде және жергілікті әуе жайда жалғасып жатқан жаппай тәртіпсіздіктен қорқып не қаладан қашып кетті, не жасырынып қалды. Халықаралық бітімгершілік күштері шамасы жеткенше қарақшыларды қуып тарату үстінде, алайда олар қайтадан жиналып, баспана-үйлерді тонап, өзге ұлт өкілдеріне қарсы шабуылдарын жалғастыруда. Шығыс Тимордан 100-деген шетелдік құтқарылып, БҰҰ елге қосымша бітімгершілік күштерін жолдауға шақырды. Шығыс Тимордағы бейберекет ұлттық армияның тең жартысы ереуілге шыққан соң басталды.

AzattyqTV

27 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG