Accessibility links

Халықаралық қауымдастық Индонезияға көмек беріп жатыр


Индонезия үкіметі сенбі күнгі 3 мыңнан аса адам қаза болған Ява аралындағы қатты зілзаладан зардап шеккен аймаққа көмек беруге күш салып жатыр. Мыңдаған адам жер сілкінісінен үйлері қирап далада қалды. Көп жан әлі құлаған үйінді астында қалып отыр. Халықаралық қызыл крест ұйымы бұл аймаққа 10 млн доллардай төтенше көмек көрсетті. Еуропа Одағы 3 млн еуро көмек жолдайтынын айтқан. АҚШ-тан Пентагон қолдау күштерін көмекке жібереміз деген. Кеше рихтер бағамы бойынша 6,2 балл болған жерсілкінісі 18 айдың ішінде Индонезияда орын алған ең үлкен үшінші табиғат апаты.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG