Accessibility links

Индонезияның Ява аралында болған жер сілкінісі кесірінен қаза болғандардың бүгінгі саны 4 мың 600-ден асып кеткен


Құтқару жұмыстары одан әрі жалғасуда. Кеше болған бұл зіл-зала әсерінен 100 мыңдай азамат баспанасыз қалды. Халықаралық Қызыл крес ұйымы шамамен 10 миллион доллардың көмегін сұрап отыр. Еуропа одағы 3 миллион еуро шамасында көмек беруге уәде етті. 6,3 балдық бұл жер сілкінісі Индонезияға соққы боп тиген 18 айдың ішіндегі үшінші зіл-зала болып отыр.
XS
SM
MD
LG