Accessibility links

Кабулда толқулар болды


Ауғанстан астанасы Кабулда АҚШ жетекшілігіндегі коалиция күштерінің бір көлігі жол апатына ұшырап, бірнеше ауғандық қаза тапты. Осы оқиғадан кейін елде толқулар басталып кетті. Расталмаған хабарларға қарағанда, АҚШ пен Ауғанстанның қауіпсіздік күштері қарапайым халыққа оқ атқан, оның салдарынан бірнеше адам құрбан болған көрінеді. Ашуы шыққан наразылық танытушылар қауіпсіздік күштеріне тас лақтырып, көліктерін өртеп жіберген. Басқа да хабарларға қарағанда, бүгін Ауғанстанның Хелманд провинциясында АҚШ жетекшілігіндегі коалиция күштері әуеден соққы беріп ондаған соғысушыны өлтірген.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG