Accessibility links

Балалардың еңбегін қанаумен тек Болгария азаматтары шұғылданды ма?


РИМ. Италияның полициясы балалардың еңбегін қанап, адамды сатумен айналысқан қылмыстық топты әшкерелеген соң, Еуропа елдерінің үкіметтері соңғы күндері 41 болгар азаматын тұтқындағанын хабарлады. Олар Солтүстік Италия мен Болгарияда, Германия мен Австрияда ұсталды. Италия полициясының хабарлауынша, тергеу барысында тағы 75 адамға күдік түсті. Оларға “адамды қанады”, “адамды сатты” және “есірткі контрабандасымен шұғылданды” деген айыптар тағылып отыр.
XS
SM
MD
LG