Accessibility links

Ирақта Американың телекомпаниясында жұмыс істейтін 2 журналист қаза тапты


БАҒДАД. Кеше Ирақта болған бірнеше дүркін жарылыстан кем дегенде 47 адам, олардың ішінде Американың Си-Би-Эс телеарнасында жұмыс істейтін 2 британ тілшісі қаза тапты. Журналистер Бағдадқа баратын жолдың бойына орнатылған бомбаның жарылысынан көз жұмды. Бағдадтың сүнниттер тұратын ауданында бомба орнатылған автокөліктің жарылысынан кемінде 12 кісі, негізінен студенттер көз жұмды. Сондай-ақ кеше Ирақ саясаткерлері тағы да ішкі істер мен қорғаныс министрлерін тағайындау жөнінде өзара уәжге келе алмады.
XS
SM
MD
LG