Accessibility links

Кабулда АҚШ БТР-і 12 жеңіл автокөлікті соғып қиратып, халықтың наразылығын туғызды


КАБУЛ. Талибан билігі құлатылған 2001-інші жылдан бергі ең ірі тәртіпсіздік болып өткен Кабул қаласында кеше комендант сағаты орнатылды. Соңғы мәлімет бойынша, оның барысында 8 адам қаза болып, 10-даған кісі жараланды. Жаппай тәртіпсіздікке түрткі болған апаттан тағы 5 кісі құрбан болды. Кеше таңертең АҚШ армиясының бронетранспортері кем дегенде 12 жеңіл автокөлікті соғып қиратты. Ашуға мінген жұрт АҚШ жауынгерлерін таспен атқылады. АҚШ әскерінің өкілі:

“Коалициялық әскер бұл оқиғаны толық тергейді. Ол жерде оқ атылғаны туралы хабар бар. Коалициялық қарулы күштерге жататын кемінде бір көлік жиналған жұртқа қарай оқ атқан сыңай бар”, - деп мәлімдеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG