Accessibility links

ШЫҰ елдерінің парламент төрағалары Владимир Путинмен кездесті


Шанхай ынтымақтастық ұйымы елдерінің парламент төрағалары Мәскеудегі саммиттерінде бүгін Ресей президенті Владимир Путинмен кездесті. Путин ұйым қызметі мен беделін арттыру жолдарын қарастырамыз деді. Ресей парламенті жоғары палатасының төрағасы Сергей Миронов басты назарға есірткі тасымалы, заңсыз миграция, адам саудасы, заңсыз қару саудасы алынып отыр деді. Ресей, Қытай, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан парламенттерінің басшылары Мәскеуде осылайша тұңғыш саммиттерін өткізіп жатыр.
XS
SM
MD
LG