Accessibility links

Иран келіссөзге дайын, бірақ уранды байыту жұмысын тоқтатпайды


ТЕҺРАН. Иранның атом өнеркәсібі басшысының орынбасары Мухаммад Саидидің мәлімдеуінше, Теһранға қысым көрсетіліп жатқанына қарамастан, елдің уранды байыту өндірісі тоқтамайды. Оның айтуынша, Иранды ядролық бағдарламасынан бас тартуға көндіру мақсатымен әзірлеп жатқан жаңа ұсынысында Еуропа елдері осы “шындықты” мойындауға тиіс. Одан бір күн бұрын Иранның сыртқы істер министрі Манучир Моттақи: «Теһран Франция, Ұлы Британия және Германиямен келіссөзді бастауға дайын» деп мәлімдеген болатын.
XS
SM
MD
LG