Accessibility links

АҚШ жауынгерлерінің 1 отбасын түгел қырып кеткен әрекеті тергелетін болды


БАҒДАД. Ирақ премьер-министрі Нури Әл-Мәлики өткен жылдың қараша айында Әл-Хадита қаласындағы 24 бейбіт тұрғынның қазасына АҚШ жауынгерлерінің қатысы болғанын тергеуге нұсқау берді. Рейтер агенттігіне берген сұхбатында Әл-Мәлики: “кездейсоқ жайттың да шегі болады”, деп атап көрсетті. “АҚШ-тың әскери теңізшілері Әл-Хадита қаласындағы бір отбасын түгел атып кетіпті” деген хабарды АҚШ армиясының басшылығы да тергеу үстінде. Ресми Вашингтон тергеудің нәтижесін жариялауға уәде беріп отыр.

AzattyqTV

Қырғызстан

Саматтың арманы

XS
SM
MD
LG