Accessibility links

Тәліптердің өлкелік полиция штабын басып алғаны


КАБУЛ. Талибан сарбаздарымен арадағы түнгі шайқаста 12 полицейдің оққа ұшып, тағы 40 полицейдің тұтқынға түскені туралы хабарды бүгін Ауғанстан полициясының бастығы жоққа шығарды. Урузган өлкелік полициясының бастығы Рузи Хан “Азаттыққа” берген сұхбатында полиция жағынан ешқандай адам шығыны болмағанын мәлімдеді. Бірақ ол тәліптердің аймақтық полиция штабын басып алғанын растады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG