Accessibility links

Астанадағы 37 қабатты зәулім ғимаратқа көп нұқсан келіп, 8 адам отқа күйді


АСТАНА. Қазақстанның төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, Астанадағы ең биік саналатын және бірден 4 министрлік орналасқан “Транспорт тауэр” ғимаратынан сейсенбі күні шыққан өрттің салдарынан 8 адам түрлі жарақат алды. Министрліктің баспасөз-қызметі хабарлағандай, от жалынымен арпаласқан 6 өрт сөндіруші мен тағы басқа 2 адамға зақым тиген. 37 қабаттан тұратын зәулім ғимараттың жоғарғы қабаттарына өрттен зор нұқсан келді.
XS
SM
MD
LG