Accessibility links

Буш Ирақтағы оқиғаға байланысты алаңдаушылық білдірді


Президент Джордж Буш АҚШ әскерлері өткен жылы қарусыз қарапайым ирақтықтарды өлтірді деген хабарға байланысты өз алаңдаушылығын білдірді. Қараша айында Хадисада орын алған делінген ол оқиғаға байланысты Буш мырза алғашқы рет өз пікірін білдіріп отыр.

“Теңіз әскерлері корпусында соғыс тәртіптерін түсінетін құрметті ер адамдар мен әйел адамдар қызмет атқарады. Бұл оқиға шынында да орын алған болса, жауаптылар жазаланады”, - деді Буш.

АҚШ әскері басында Хадиса қаласындағы ол адамдар жарылыстан құрбан болды деген еді. Қазір сол оқиғаға байланысты тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG