Accessibility links

Бүгін Венада Иранның ядролық мәселесі қаралады


Президент Джордж Буш АҚШ-ы Иранның ядролық бағдарламасы төңірегіндегі қалыптасып отырған мәселені дипломатия арқылы шешу мақсатында жетекші роль атқарғысы келеді деп мәлімдеді. Ал оның алдында АҚШ мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райс егер Иран уранды байыту өндірісін тоқтататын болса, онда АҚШ Теһранмен арадағы тікелей келіссөзге қосылуға дайын деген болатын. АҚШ Иран жасырын түрде ядролық қару жасамақшы дейді, бірақ Теһран бұл айыптауларды жоққа шығарып отыр. Бүгін БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің бес тұрақты мүшесі мен Германия өкілдері Венада кездесіп, Иранның ядролық мәселесін талқылайды.
XS
SM
MD
LG