Accessibility links

Кофи Аннан СПИД індетіне қарсы күресте заң мәртебесін көтеруге шақырды


БҰҰ бас хатшысы Кофи Аннан ұйым мүшелеріне қайырылып, СПИД індетіне қарсы күресте заң мәртебесін көтеруге шақырды. Кофи Аннан СПИД мен вич-инфекциясының құрбандарына айналып отырғандардың арасында әйелдер мен жас қыздардың үлес салмағы тым көп, демек оларды қорғау үшін заң жетілдіру керек, көбірек қор жұмсау керек деді. Кофи Аннан СПИД індетіне қарсы күресте нақты өзгеріс жасау үшін әйелдер мен қыз-келіншектерге құқық пен мүмкіншілік көбірек беру керек, қоғамның әр сатысында әйел мен ер азаматтардың қарым-қатынастарын өзгерту керек деді.
XS
SM
MD
LG