Accessibility links

Махмұд Ақмеденижат ядролық технологиядан бас тартпаймыз деді


Иран президенті Махмұд Ақмеденижат Батыс елдерінің қысымына қарамастан, ядролық технологиядан бас тартпаймыз деді. Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің бес тұрақты мүшесі және Германия бұдан бір күн бұрын Иран уран байытуды тоқтатсын деп шақырды, ынталандыру және шектеу шараларының жобасына келісті. АҚШ сыртқы істер министрлігінің өкілі Том Касей Махмұд Ақмеденижат жаңа ұсыныстарға жауап беріп отырмаса керек, ұсыныстар жобасын алдымен Иранға жеткізу керек, Иран келісімге барса Иранның өзіне жақсы болады деді. Батыс елдері Иран ядролық қаруға ұмтылып отыр дейді, Иран мұны жоққа шығарып келеді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG