Accessibility links

Махмұд Ақмеденижат ядролық технологияны дамыту Иранның төл құқы деді


Иран президенті Махмұд Ақмеденижат әлем жетекші елдерінің жаңа ұсынысын мұқият талқылаймыз деп мәлімдеді кеше. Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің бес тұрақты мүшесі және Германия бейсенбі күні Иран уран байытуды тоқтатсын деп шақырды, ынталандыру және шектеу шараларының жобасына келісті. Махмұд Ақмеденижат жаңа ұсыныстарды қараймыз, бірақ ядролық технологияны дамыту - Иранның төл құқы деді. Иранға таяу күндері Еуропа Одағының сыртқы саясат үйлестірушісі Хавиер Солана келеді деп күтіліп отыр.

AzattyqTV

30 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG