Accessibility links

Келесі айда НАТО әскері Оңтүстік Ауғанстандағы АҚШ күштерін алмастырады


КАБУЛ. НАТО-ның Ауғанстандағы тұрақтылық күштерінің жаңа қолбасшысы, британ генералы Дэвид Ричадстың мәлімдеуінше, НАТО Ауғанстанның оңтүстігіне АҚШ бастаған коалициялық күштерден 2 есе көп әскерін шоғырландырады. Бүгін Кабулда журналистердің алдында генерал Ричардс: “НАТО елдің оңтүстігіндегі бүлікке тойтарыс беру үшін шамамен 6 мың жауынгерін орналастырады”, -деп мәлімдеді. Бұл күш, оның айтуынша, келесі айда коалиция әскерінен қауіпсіздікті қорғау міндетін қабылдап алады. Бұл өңірдегі қантөгісті ауыздықтау үшін АҚШ-тың 3 мыңдық әскерінің күші жетпеді деп атап көрсетті британ генералы.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG