Accessibility links

Канаданың премьер-министрі елге лаңкестік қатерінің төніп тұрғанын мойындады


ТОРОНТО. Канаданың Торонто қаласы мен оның маңайындағы терроризмге қарсы тінту шарасының барысында 17 күдікті ұсталып, мол қопарғыш зат тәркіленді. Канада корольдігінің атты полициясының өкілі хабарлағандай, олар Онтарио штатында бірнеше қастандық ұйымдастырмақ болды деген күдікпен ұсталды. Тінтуге 400 полицей қатысты. Канаданың премьер-министрі Стивен Харпер: “Біз - өзіміздің кім болғанымыз, қалай өмір сүріп жатқанымыз, біздің ерекшелігіміз бен құндылықтармыз үшін – нысанаға айналдық”, -деп елге лаңкестік қатерінің төніп тұрғанын ескертті.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG