Accessibility links

Талибан қозғалысының жанкешті-лаңкестері тағы бір қастандықты іске асырды


КАНДАГАР. Ауғанстанның оңтүстігіндегі Кандагар қаласында жанкешті-лаңкес өзінің автобомбасын жарып, одан кем дегенде 3 кісі қаза тауып, 12-сі жараланды. Автобомба Канаданың әскери патрулы отырып келе жатқан 2 соғыс техникасының ортасында жарылды. Канадалық жауынгерлер түгел аман қалды. Кандагар өлкесі әкімінің өкілі Асадулла Халидтің айтуынша, бұл қастандықтың басты нысанасы – автокөлігі 100 метрдей жерден өткен әкімнің өзі болғанға ұқсайды. Бұл қастандықты Талибан қозғалысы өз мойнына алды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG