Accessibility links

Армения мен Әзірбайжан арасындағы Таулы-Қарабах мәселесі талқыланды


Бүгін Бухарестте Қара Теңіз жағалауындағы елдердің басқосуы өтеді. Румыния, Украина, Молдова, Грузия, Армения және Әзірбайжан елдерінің президенттері энергия мәселесін талқылайды. Ал кеше Армения мен Әзірбайжан президенттері Таулы-Қарабах мәселесін көтерді. Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының өкілдері делдал болған келіссөз Польша елшілігінде жүргізілді. АҚШ елшісі Стивен Манн “Азаттық” радиосына берген сұхбатында келіссөз “жақсы жағдайда” өтті деді. Армения президенті Роберт Кочарян мен Әзірбайжан президенті Илхам Әлиев осы жылы екінші рет кездесіп отыр. Таулы-Қарабах анклавы Әзірбайжанның жері деп халықаралық түрде мойындалған бірақ іс жүзінде ол Армян сепаратистерінің бақылауында қалуда.
XS
SM
MD
LG