Accessibility links

Орыс дипломаттарын тұтқыннан босатуға Ирақ үкіметі мен АҚШ көмектеседі


МӘСКЕУ. Бүгін Ресейдің сыртқы істер министрлігі мәлімдегендей, Ирақ Ресей елшілігінің тұтқынға алынған 4 қызметкерін босатуға бар күшін жұмсауға уәде берді. Ирақтың сыртқы істер министрі Хошьяр Зебари Ресей министрінің орынбасары Александр Салтановпен бүгін телефон арқылы әңгімесінде осындай сөз берді. Онымен қатар АҚШ-тың Мәскеудегі елшілігі Ресейдің елшілік қызметкерлерін босатуға АҚШ жағының да өз көмегін ұсынғанын хабарлады. Ресей елшілігінің 4 қызметкері сенбі күні тұтқынға түсіп, бесіншісі тұтқындау кезінде оққа ұшты.
XS
SM
MD
LG