Accessibility links

Қырғыз шекарасынан заңсыз өткен кез-келген қарулы адамның көзі жойылады


БІШКЕК. Қырғызстан президенті Құрманбек Бәкиев шекара қауіпсіздігін күшейтуді талап етіп отыр. Бүгін Қ.Бәкиев шекара сақшылары елге қаруымен заңсыз өтпек болған кімде-кімнің болса да көзін жояды деп мәлімдеді. Оған себеп: өткен айда Қырғызстанның шекара сақшылары қарулы топпен қақтығысып қалды. Тәжік шекарашылары тойтарыс берген соң әлгі қарақшылар қырғыз жеріне заңсыз өткен. Осы қақтығыстардың барысында кем дегенде тәжіктердің 2 шекара күзетшісі, 6 қырғыз жауынгері мен бейбіт тұрғындар қаза тапты.
XS
SM
MD
LG