Accessibility links

Қазіргі Солтүстік мұзды мұхиттың орнында тұщы суы бар алып көл болған


МӘСКЕУ. Осы күні мұз болып жатқан Солтүстік полюсте 55 млн. жыл бұрын тропикалық климат болып, судың беті 23 градус жылы болған көрінеді. Ол уақытта Солтүстік мұзды мұхиты алып көлге ұқсап, оның суы тұзсыз, пайдалануға жарайтын болған. 2004-інші жылы Солтүстік мұзды мұхитының түбін бұрғылау арқылы алынған үлгілерді зерттеген ғалымдар осындай қорытындыға келді. Осыған дейін 55 млн. жыл бұрынғы Солтүстік мұзды мұхиты суының жылылығы шамамен 11 градус болған деп саналып келген еді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG