Accessibility links

Өзбек билігі елдегі барлық шетелдік ұйымның бөлімдерін жоюды көздеп отыр ма?


ТАШКЕНТ. Ұлы Британияның “Даму жолындағы әріптестік” атты үкіметтік емес ұйымының Өзбекстандағы бөлімі жабылуы мүмкін. Бүгін Өзбекстанның Әділет министрлігі аталған ұйымның бөліміне осындай ескерту тапсырды. Министрліктің мәліметі бойынша, тексеру барысында заңдардың бұзылғаны анықталған көрінеді. Мысалға, британдық ұйымның бөлімі өз шараларын жергілікті билікпен келіспей өткізген. Осыған дейін де түрлі желеумен Өзбекстанда АҚШ-тың бірнеше үкіметтік емес және қайырымдылық ұйымы жабылған болатын.
XS
SM
MD
LG