Accessibility links

Астанада шамамен 200 оппозициялық белсенді ұсталды


Қазақстан оппозициялық "Алға" партиясының ондаған қолдаушысы партия тіркелуін талап етіп, Астанада әділет министрлігінің алдында рұқсат етілмеген митинг өткізді. Полициямен қақтығыс болды. Партия төрағасы Асылбек Қожахметов "Азаттық" радиосына айтқандай, шамамен 200 адам ұсталды, олар әкімшілік жазаға тартылып жатыр, негізінен айыппұл салынып жатыр. Қазақстан Жоғары соты "Алға" оппозициялық партиясы тіркелмесін деген Астана сотының шешімін мақұлдады. Жоғары сот төрешісі Мұсабек Әлімбеков "Алға" партиясы қолдаушыларының тізімінде дүниеде жоқ азаматтар аталған, не болмаса Қазақстан азаматтығы жоқ адамдар аталған деп жариялады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG