Accessibility links

Халықаралық ұйымдарда Сербия-Черногрия одағының орнын жалғыз Сербия алады


БЕЛГРАД. Кеше Сербия жетекші халықаралық ұйымдарға Сербия және Черногория мемлекеттік одағының ыдырап, Сербияның тәуелсіздігін алғанын хабарлады. БҰҰ-ының, Еуропа Кеңесінің, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Бас хатшыларына жолдаған хатында серб президенті Борис Тадич “Сербия және Черногория” атауының “Сербия Республикасы” атауымен өзгертілуін өтінеді. Бұл одақ өткен аптада Черногория өзінің тәуелсіздігін жарияланған соң ыдырады.
XS
SM
MD
LG