Accessibility links

Ирақта бұрынғы “Баас” партиясына қатысы жоқ 2.5 мың тұтқын босатылады


БАҒДАД. АҚШ әскерінің басқаруындағы Ирақ түрмелерінен бүгін 500 тұтқын босатылуға тиіс. Бұлар Ирақ премьер-министрі Нұри Әл-Мәликидің кеше жариялаған рақымшылығы бойынша босатылуға тиісті тұтқындардың бір бөлігі. Бас-аяғы 2.5 мың адам бостандыққа шығуға тиіс. Әл-Мәликидің атап көрсетуінше, рақымшылық – “ұлттық диалог пен келісімге жету жолындағы іс-қимылдың құрамдас бөлігі болып табылады. Бұрынғы диктатор С.Хусеиннің Баас партиясының мүшелері рақымшылыққа жатпайды.
XS
SM
MD
LG