Accessibility links

Палестина лидері Израиль мемлекетін “жанама” түрде мойындауды ұсынып отыр


РАМАЛЛА. Палестина автономиясының президенті М.Аббас үкімет басына келген “Хамас” тобының Палестина мемлекетін құру және сонымен бірге жанама түрде Израиль мемлекетін мойындау туралы ұсынысын қабылдауына осы аптаның соңына дейін уақыт берді. Егер “Хамас” тобы өзінің ұсынысын қолдамайтын болса, М.Аббас мемлекет құру мәселесін референдумға шығаратынын мәлімдеді. Құжат 1967-нші жылғы Таяу Шығыс соғысында Израиль басып алған жерде Палестина мемлекетін құруды ұсынады. “Хамас” тобы әзірше оны қолдамады.

AzattyqTV

Кәсіподақ басшысы соты

Елеусіновке таққан айыпты оқыды

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG