Accessibility links

Батыс елдерінің жаңа ұсынысынан Теһран “екіұшты мәні бар” тұстарын да тапты


ТЕҺРАН. Иранның сыртқы істер министрі Манучер Моттакидің айтуынша, Теһранның ядролық бағдарламасы маңайындағы дағдарысты шешуді көздейтін Батыс елдерінің соңғы ұсыныстарын Иран “мұқият қарайды”. Бүгін жапон сыртқы істер министрі Таро Асомен телефон арқылы болған әңгімесінде Моттақи осылай деп мәлімдеді. Еуроодақтың сыртқы саясатының басшысы Хавьер Солана табыс еткен осы ұсыныстарды Иран жағы “құптайтын қадамдарымен қатар”, “екіұшты мәні бар” тұстары да жоқ емес” деп бағалады. АҚШ президенті Дж.Буш Иранның ядролық отынды байыту бағдарламасының төңірегіндегі дағдарысты басу мақсатындағы әлемнің жетекші 6 елі дайындаған жаңа ұсыныстарына Теһранның қайтарған жауабына өзінің риза болғанын мәлімдеді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG