Accessibility links

Кремль Грузия мен Украинаның НАТО-ға қабылдануына қатты алаңдап отыр


МӘСКЕУ. Ресейдің Мемлекеттік думасы Украинаны НАТО-ға мүше болып кіретін болса, ол екі жақты қарым-қатынасқа кесірін тигізеді деп ескертеді. Мемлекеттік думаның қабылдаған Қарарында егер Украина НАТО-ға қабылданған күнде, ол екі жақты ынтымақтастықтың “барлық саласына кері әсер етеді” делінеді. Думада сөйлеген сөзінде Ресейдің сыртқы істер министрі С.Лавров: “егер Украина мен Грузия НАТО-ға қабылданатын болса, ол геосаясаттың күрт өзгергенін аңғартады”, -деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG