Accessibility links

Италия әскері Ирақтағы коалициялық күштердің қатарын тастап кетеді


БАҒДАД. Италияның сыртқы істер министрі Массимо Д'алеманың мәлімдеуінше, Италия үкіметі өзінің барлық әскерін осы жылдың соңына дейін Ирақтан алып шығады. Кеше Бағдадта Ирақ үкіметімен іс жоспарын талқылаған Д'алема осылай деп мәлімдеді. Қазір Италияның 2.700 жауынгерден тұратын әскері Ирақтың Ән-Насирия қаласында орналасқан. Дәл осы күні Бағдадта болған бірнеше шабуылдың барысында кем дегенде 6 адам, оның ішінде 4 полиция қызметкері қаза тапты.
XS
SM
MD
LG