Accessibility links

НАТО Ауғанстандағы өз әскерінің қатарын 9 мыңнан 16 мыңға дейін ұлғайтпақшы


БРЮССЕЛЬ. Ауғанстандағы бейбітшілікті қорғау күштерінің қатарын ұлғайту жоспарын талдау үшін НАТО-ға мүше елдердің қорғаныс министрлері бүгін Брюссельде бас қосады. Солтүстік Атлантика одағы шілденің соңына қарай Ауғанстанның оңтүстігіндегі әскерінің қатарын кемінде 6 мың жауынгерге дейін өсіруді жоспарлап отыр. Бұл – НАТО-ның Ауғанстандағы барлық күшін қазіргі шамамен 9 мыңнан кемінде 16 мыңға дейін ұлғайту жоспарының құрамдас бөлігі болып табылады.
XS
SM
MD
LG