Accessibility links

Вашингтон өзінің құпия түрмелері туралы Еуропа Кеңесінің есебіне қарсы шықты


ВАШИНГТОН. Еуропаның 14 елі терроризмге қатысы бар деген күдіктілерді ұстап беру туралы АҚШ-пен құпия келісімге келді деген Еуропа Кеңесінің жаңа есебіне Америка Құрама Штаттары қарсы шықты. Мемлекеттік департаменттің өкілі Шон Маккормакк бұл есепті “ешқандай фактіге негізделмеген дәлелсіз мәлімдемелердің тізімі” деп атады. Швейцариялық заң шығарушы Дик Мартидің дайындаған есебін “ешбір тың мәлімет жоқ” деп британ премьер-министрі Тони Блэр де қарсылық білдірді. Бұл есепте Еуропаның 14 еліне “АҚШ-пен сыбайласа отырып, адам құқықтары бойынша халықаралық ережелерді бұзды” деген айып тағылады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG