БАҒДАД. Ирақтың премьер-министрі Нұри Әл-Мәлики “Әл-Қаида” ұйымының Ирақтағы көсемі Әбу Мұсаб Әз-Зарқауиді не қолға түсіруге, не оның көзін жоюға көмек болатын мәлімет бергенге 25 млн. доллар сыйақы тағайындаған АҚШ үкіметі осы сөзінде тұрады ғой деген үмітін білдірді. Кеше “Әл-Қаида” бөлімі Әз-Зарқауидің қазасын растап, джиһад соғысын жалғастыра беруге ант берді. АҚШ армиясының хабарлауынша, Әз-Зарқауи мен оның кемінде 5 үзеңгілесі Баакуба қаласының іргесіндегі баспанаға АҚШ-тың соғыс ұшақтары сәрсенбі күні берген соққыдан қаза тапқан.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
"Өлексесі табылған малға ғана өтемақы төлейміз"
Су тасқынының шығыны қалай есептеліп жатыр?
-
Өскемен мен Семей
Жарыққа миллиардтаған несие жұмсаған қалада көше неге тас қараңғы?