Accessibility links

“Үлкен сегіздіктің” қаржы министрлері әлем экономикасын дамыту амалдарын талдайды


С.-ПЕТЕРБОР. Бүгін әлемнің жетекші 8 елінің қаржы министрлері С.-Петербор қаласында бас қосады. Ресей, Ұлы Британия, Канада, Франция, Германия, Италия, Жапония және АҚШ министрлері мұнай-газ бағасының күрт қымбаттауы, пайыздық қайтарымның өсуі және АҚШ долларының әлсіреуі сынды ғаламдық қауіп-қатер төнген тұста әлем экономикасын дамыту жолдарын талдауға тиіс. Мұнай шикізатын өндіруден Сауд Арабиясынан кейін тұрған және Еуроодақтың табиғи газға деген сұранысының ¼-ін экспорттайтын Ресей ғаламдық энергетика қауіпсіздігін қамтамасыз етуде шешуге рөл ойнай бастады.
XS
SM
MD
LG