Accessibility links

Абу Мұсаб Әл-Зарқауи АҚШ әуе соққысынан соң әлі тірі болыпты


АҚШ әскерінің өкілі генерал Уильям Келдуелл Абу Мұсаб Әл-Зарқауи АҚШ әуе соққысы жасалған соң әлі тірі болған деп жариялады. Соққы жасалған жерге алдымен Ирақ полициясы келді, олар Әл Зарқауиды носилкаға салды, деді Уильям Келдуелл Бағдадта баспасөз мәслихатында. Осы сәтте оқиға жеріне АҚШ сарбаздары келді де Әл Зарқауиды таныды, Әл Зарқауи америкалық сарбаздардың келгенін түсініп, носилкадан сырғып, түсіп кетпекші болыпты. Генерал Уильям Келдуелл Әл Зарқауи бұдан кейін бір сөздерді бұлдырлап айтып, өліп кетті дейді. Оның денесінде бірде бір оқ жарасы болмады делінді.
XS
SM
MD
LG